426,43 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда карантин тәртібі жеңілдетіле бастады

  • 91
  • UPD: 15:25, 15.04.2021
Бельгияда карантин тәртібі жеңілдетіле бастады

Бельгияда коронавирустың таралуы бәсеңдегеннен кейін шектеу шаралары жеңілдетіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындарға 26 сәуірден бастап Еуропа аумағында саяхаттауға рұқсат етілді. Мектептер қайта ашылады. Шаштараз бен сән салондары да өз жұмысын бастайды. Жуырда кафе мен мейрамханалардың жазғы алаңдары қызмет көрсетеді. Ал жалпы коменданттық сағат алынып тасталуы мүмкін. Бірақ кешкілік үш адамнан артық бас қосуға болмайды. Сондай-ақ базарлар мен саябақтарға баруға рұқсат етіледі.

Александр де Кро, Бельгия премьер-министрі:

- 65 жастан асқан адамдардың көбісінде шамамен 8 мамырда иммунитет қалыптасады деген болжамымыз бар. Егер сол кезге дейін жансақтау бөлімдеріндегі ахуал жақсарса, террасалар мен саябақтарда бұқаралық шаралар өткізуге рұқсат береміз. Тек қатысушылардың саны елу адамнан аспауы керек.

Паскаль Девалкенер, мейрамхананың бас аспазшысы:

- Бүгінде бүкіл әлемде адамдар жұмыс істеп келеді, ал біз тұйыққа тіреліп қалдық. Менің ойымша, вирус қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарынан тарап жүргеніне нақты дәлел жоқ. Бірақ жұмысымызды толық тоқтатып тастады. Біз жұмыс істегіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы