427,14 517.06 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камбоджада екі аптаға локдаун жарияланды

  • 100
  • UPD: 17:57, 15.04.2021
Камбоджада екі аптаға локдаун жарияланды

Камбоджада коронавирус өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты ел астанасы мен маңайындағы үлкен ауданда локдаун жарияланды.

Бүгіннен бастап екі аптаға дейін қала көшелерінде бейсауат жүруге болмайды. Тек жұмысқа бару үшін немесе азық-түлік және ем-дом алу үшін ғана сыртқа шығуға рұқсат. Жүріс-тұрысты бақылау мақсатында полиция кезекшілікке шықты. Сақшылар адамдардың сапар мақсатын айғақтайтын анықтаманы тексереді. Соңғы 1 күннің ішінде 178 адам індет жұқтырған. Оның 145-і – астана тұрғындары. Өкінішке қарай, екі науқас көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы