Мексикада мерекеден кейін вирустың таралуы күшейген

Мексикада індеттің таралуы қайта күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік халықты коронавирусқа қарсы тест тапсыруға шақырып жатыр. Себебі елде бір апта бұрын өткен Пасха мерекесінен кейін вирусты жұқтырғандар саны өскен. Мамандар алдағы уақытта науқастар саны арта түсуі мүмкін деп отыр. Жалпы елде індетті 2 жарым миллионға жуық адам жұқтырған.

Сондай-ақ...