429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кабулға барды

  • 104
  • UPD: 17:43, 15.04.2021
БАҚ: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кабулға барды armenpress.am

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бейсенбіде Кабулға барды.

Бұл туралы Ауғанстанның TOLO News телеарнасы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Блинкен Ауғанстан басшылығымен елдегі бейбітшілік процесін, сондай-ақ Америка әскерінің Ислам Республикасынан шығарылуының егжей-тегжейін талқылайды.

Ресми түрде мемлекеттік департамент басшысының Ауғанстанға бару жоспарлары туралы хабарланған жоқ.

14 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден американдық әскерді Ауғанстаннан мамыр айында шығарып, оны 2021 жылдың 11 қыркүйегіне дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ал бұл процесс 1 мамырда басталады.

Хабар 24 телеарнасы