АҚШ Ресейге қарсы санкция қабылдады

Тиісті жарлыққа Ақ үй басшысы Джо Байден қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған құжат бойынша 10 ресейлік дипломат еліне қайтарылады. Сондай-ақ «қара тізімге» 16 жеке тұлға мен 16 ұйым енгізілген. Арасында 6 технологиялық компания бар. Санкциялар Ресей АҚШ-та өткен президент сайлауына араласты деген желеумен қабылданған.