Венгрияда шіркеуден уақыт капсуласы табылды

Венгриядағы шіркеулердің бірінен 176 жыл бұрын жасалған уақыт капсуласы анықталды. Ол жуырда өткен жөндеу жұмыстары барысында күмбездің үстіндегі кресттің ішінен табылған.

Мыстан жасалған капсула Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде артиллериялық снарядтан зақымдалғанымен ішіндегісі бүтін күйде сақталыпты.

Тарихшылардың айтуынша, болашақ ұрпаққа арналған хабарламаның ішіне шіркеудің құрылысы жайлы құжаттар салыныпты. Бұл өткенге үңіліп, сол уақыттың атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді дейді олар. Енді мамандар крест ішіне жаңа капсула салып, келер ұрпаққа хабарлама қалдырмақ ниетте.

Сондай-ақ...