Техастағы әуежайлардың бірінде ер адам оқ жаудырды

АҚШ-та ер адам Техас штатындағы Сан-Антонио әуежайының терминалдарының біріне автокөлікпен соқтығысты, содан кейін ол полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған.

Салдарынан екі адам жарақат алды, ал қаскөйдің өзі өлтірілді. Бұл туралы 16 сәуірге қараған түні KSAT хабарлады.

«Оның патроны көп екен, оңды-солды оқ жаудрып жатты. Бақытымызға орай, зардап шеккендер көп емес», – деді Сан-Антонио қаласының полиция бастығы Уильям Макманус.

Полиция психикалық ауытқуы бар бұл адамның бұған дейін де қолына қару ұстағанын растап отыр. Яғни мұны лаңкестік әрекет емес дегенді алға тартты.

Тәртіп сақшылары дәл осы адам бейсенбі күні қала тас жолының бірінде оқ атқан деп мәлімдейді. Ол кезде ешкім зардап шекпеген.

Оқиғадан кейін бірден жұмысын тоқтатқан әуежай қазір қалыпты жұмыс режиміне оралды.