Байден Ресеймен арадағы шиеленісті шешуге шақырды

АҚШ пен Ресей арасындағы мәселенің тігісін жатқызатын уақыт жетті. Президент Джо Байден екі ел арасындағы ахуалға қатысты осылай деп мәлімдеді.

Ақ үй басшысының айтуынша, Құрама Штаттар Ресеймен конструктивті байланыс орнатуға мүдделі. Сондықтан арадағы шиеленісті келіссөз арқылы шешуге шақырды.

Еске сала кетейік, кеше Вашингтон Ресей президенттік сайлауға араласты деген айыппен жаңа санкциялар салған болатын.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Қазір екі ел арасындағы шиеленісті шешетін уақыт жетті. Біз бұған тек диалог арқылы қол жеткізе аламыз. АҚШ бұл істе Ресеймен өзара бірлесіп әрекет етуге дайын. Себебі бұл біздің мүддемізге сай. Бірақ Ресей бізге қарсы әрекет етсе біз де қарап қалмаймыз.

Ал Мәскеу АҚШ-тың жаңа санкциялар салуын айптап, оған тиісті жауап қайтаратын жеткізді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Вашингтонның бұл шаралары заңсыз. Жергілікті тұрғындар болса Американың жаңа санкциялары олардың өміріне еш әсер ете қоймайтынын айтады.

Сондай-ақ...