429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перудегі шағын ауылда 50 үй өртеніп кетті

  • 95
  • UPD: 11:51, 16.04.2021
Перудегі шағын ауылда 50 үй өртеніп кетті

Перуде алақандай ауылда өрт шығып, 50 үй күлге айналды.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер де, жергілікті тұрғындар да барын салды, бірақ тез тұтанып, жылдам жайылған от ие бермеді. Көптеген үйлердің қабырғасы мен төбесі арзан материалдардан салыныпты. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр сымының тұйықталуынан шыққан. Құзырлы органдар тергеу амалдарын бастады.

Хабар 24 телеарнасы