Кубада сиыр сойып сатуға рұқсат етілді

Куба ірі қара малды союға және еті мен сүт өнімдерін сатуға рұқсат берді. Мұндай тыйым осыдан 58 жыл бұрын енгізілген болатын.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, билік елдегі азық-түлік тапшылығын шешу үшін ауыл шаруашылығы саласында реформалар жасауды қолға алған. Тек шаруалар мал басының азайып кетпеуіне кепілдік беруі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 1963 жылы Куба билігі Флора дауылы соғып, елдегі ірі қараның 20 проценті қырылып қалған соң сиырларды союға және еті мен сүтін сатуға тыйым салған болатын. Содан мал басы 1989 жылы 70 процентке өскен еді. Бұл заңды бұзғандар ірі көлемде айыппұл төлеп, тіпті 10 жылға дейін сотталды.

Генри Салабарриа, малшы:

- Өзіміз асыраған малды союға және сатуға берілген рұқсат біз үшін пайдалы болмақ. Осылайша ірі қараның санын да кемітпей, керісінше арттыра аламыз.

Сондай-ақ...