Ауғанстанда жарылыстан төрт адам қаза тапты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында жол бойына қойылған бомба жарылып, төрт бейбіт тұрғын қаза тапты.

Бұл туралы Tolo News жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың төртеуі де бір отбасының мүшелері. Басқа мәліметтер әзірге жарияланбады.