АҚШ-та белгісіз ер адам оқ жаудырды: зардап шеккендер бар

АҚШ-тың Индианаполис қаласындағы FedEx логистикалық компаниясының мекемесінде белгісіз ер адам оқ атып, содан кейін өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алды, бірақ олардың саны мен жағдайы туралы әлі нақты ақпарат жоқ.

Шабуыл фактісін Индианаполис полициясы растады.

Сондай-ақ Техастағы әуежайлардың бірінде ер адам оқ жаудырған еді