Нигерияда жеміс шырынынан уланған он адам көз жұмды

Нигерияның солтүстігінде жеміс шырынынан уланған он адам қайтыс болып, 400 адам ауруханаға түсті.

Өткен айда бұл елде үш адамның сусыннан уланып көз жұмғаны, 183 адамның ауруханаға түскені хабарланған еді.

Кано штатының денсаулық сақтау комиссары Амину Цаньяваның айтуынша, штаттың денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін «сапасыз сусыннан болған таңқаларлық ауру туралы» жариялаған. Мәліметтер бойынша, сусын бүйрек пен басқа да маңызды ағзаларға зиян тигізеді.