Кариб теңізіндегі арал жанартаудың атқылауынан сусыз қалды

Жойқын жанартаудың атқылауынан зардап шеккен Сент-Винсент және Гренадина халқы су тапшылығынана тап болды.

4 мыңнан астам адам  уақытша орнатылған шатырларға орналастырылды. Бұдан басқа билік тарапынан шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж 6 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Өткен аптада оянған жанартаудың күлі елдегі кәріз құбырын істен шығарды. Салдарынан тұрғындарға ауыз су жетіспей жатыр. Жығылғанға жұдырық демекші, соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны да артып барады.

Жергілікті медицина мамандарының айтуынша, кемінде 20 адамнан ковид-19 анықталған.

Максфорд Джонс, мектеп директоры:

- Біз үлкен апатқа тап болдық. Елдің бәріне қауіпсіз орын керек болып жатыр. Халық үрейлі.