Қытайда коронавируске қарсы вакцина салдырғандарға тегін жұмыртқа береді

Қытайда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға тегін жұмыртқа береді. Екпенің бірінші дозасын алған адамға 2 жарым келі жұмыртқа тапсырылады.

Бұдан басқа, дүкендер азық-түлікке арналған талондар мен жеңілдіктер де ұсынып жатыр. Қытай билігі 560 миллион тұрғынды маусым айына дейін вакциналауды мақсат етіп қойған. Бірақ егу шаралары баяу жүріп жатыр. Наурыздың аяғына дейін 6 миллион 100 мың доза ғана салынған.

Уаң Шухай, мейрамхана қызметкері:

- Менің ойымша, біз ұсақ-түйекке бола алданбай, өмірімізді сақтай білуіміз керек. Ауру болсаң тегін жұмыртқа саған көмектесе ме? Вакцинаның тиімділігіне көңілің сеніп тұрса, бірден оны салдыру керек. Үкімет бар жағдайды жасап отыр. Енді екпені неге алмайсыз?

Сондай-ақ...