Британияда ЮНЕСКО қорғауындағы жартас опырылып түсті

Ұлыбританияның Юрск жағалауының 100 метрлік аумағы опырылып түсті. Бұл жартас ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне кіретін.

Британиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, теңізге 4 мың тонна топырақ пен тас құлаған. Кейбір қойтастардың көлемі көліктен де үлкен. Бұл жер туристер арасында өте танымал орын. Бірақ абырой болғанда, апат кезінде аталған аумақта ешкім болмаған. Жергілікті тұрғындар бұл соңғы 60 жылда болған ең ірі топырақ көшкіні дейді. Салдарынан бірнеше терең шұңқыр жырықтар пайда болған. Сарапшылар жартас жаңбыр мен күшті желдің әсерінен мүжіліп, опырылып түсуі мүмкін екенін айтады.