424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та әлемге әйгілі Universal Studios паркі қайта ашылды

  • 181
АҚШ-та әлемге әйгілі Universal Studios паркі қайта ашылды

АҚШ-та әлемге әйгілі Universal Studios ойын-сауық кешені бір жылдан кейін қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Паркке бірінші болып бірден жылдық абонемент алғандар келді. Орталықтың ресми ашылуы негізі ертең. Дегенмен, санитарлық сақтық шаралары үшін келушілер санына шектеу қойылған. Оның үстіне парк қызметкерлері талаптардың сақталғанын қатаң қадағалайды.

Крис Киддер, жергілікті тұрғын:

- Бұл паркке қайта келгеніме, қыдыруға, ойнауға, тәтті сусын мен дәмді тамақ жеуге мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Бала сияқты мәз болып жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы