429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рим мен Милан арасында пойыздар қатынай бастады

  • 145
  • UPD: 08:16, 17.04.2021
Рим мен Милан арасында пойыздар қатынай бастады

Италияның Рим мен Милан қалалары арасында жолаушылар пойызы қатынай бастады.

Карантиндік жағдайға байланысты азаматтар пойызға мінерде теріс нәтижелі тест анықтамасын ұсынуы қажет. Жоқ болған жағдайда вокзал маңындағы арнайы бекетте экспресс-тестілеуден өтулері керек. Оның қорытындысы оң болып шықса, жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

Айта кетейік, әзірге мұндай пойыздар тек Рим-Милан бағытында ғана қатынайды. Тасымалдаушы компания өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта өзге өңірлерге де жүре бастауы мүмкін.

БЛИЦ:

Доменико Габриэли, жолаушы:

– Өте жақсы бастама. Жолаушылар өздерін қауіпсіз сезінулері үшін керемет мүмкіндік жасалып отыр.

Джорджо Бранвилла, жолаушы:

– Бұрынғы өмірге орала бастағанымыз қандай жақсы. Біз бұл идеяны құптаймыз.

Хабар 24 телеарнасы