Кубада 62 жылға созылған Кастро отбасының билігі аяқталмақ

Кубаның басқарушы коммунистік партиясының басшысы 89 жастағы Рауль Кастро өз қызметінен кететін жариялады.

Бұл туралы ол Гаванада өткен партия съезінде хабарлады. Осылайша, Кубада 62 жылға созылған Кастро отбасының билігі аяқталмақ.

Айта кетейік, Рауль Кастро – Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастроның інісі. Ағайындылар елді 1959 жылдан бері басқарып келген. Кастро 2018 жылы өзінің ізбасары ретінде министрлер кеңесінің басшысы 60 жастағы Мигель Диас Канельді таңдаған еді. Жақын арада съезд оны партия көшбасшысы ретінде тағайындайды.

Рауль Кастро, Куба коммунистік партиясының басшысы:

– Отандастарымның маған артқан сеніміне алғыс айтамын. Кубаны ондаған жылдар бойы мықты дайындықтан өткен адамдардың қолына сеніммен тапсырып отырмын.

Сондай-ақ...