Ресей 10 АҚШ дипломатын еліне қайтарады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Вашингтонның он Ресей елшісін елден шығару шешіміне жауап ретінде он АҚШ дипломатын еліне қайтаратынын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, ақпанның 15-і күні Вашингтондағы 10 ресейлік елші АҚШ-тан шығарылатыны белгілі болды. Дәл сол күні АҚШ Ресейге қарсы санкциялар салды. Тиісті жарлыққа Ақ үй басшысы Джо Байденнің өзі қол қойған. Қара тізімге 16 жеке тұлға мен 16 ұйым енгізілген. Арасында 6 технологиялық компания бар. Санкциялар Ресей тарапы АҚШ-та 2020 жылы өткен президент сайлауына араласты деген желеумен қабылданды.

Сондай-ақ...