Бразилияда бір күнде 3000-нан астам адам коронавирустан жан тапсыруда

Бразилияда бір күнде 3 мыңнан астам адам коронавирус індетінен жан тапсыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әлем елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Аймақта ауруға шалдыққандардың қатары күн өткен сайын артып барады. Пандемия басталғалы елде 369 мыңға жуық адам ковид дертінен көз жұмды. Мамандар соңғы кездері вирусты 35 пен 50 жас аралығындағы тұрғындар жұқтырып жатқанын айтады. Бүгінде ауруханалардағы жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы. Дәрігерлер «медицина мекемелерінде дәрі дәрмек пен құрал-жабдықтар тапшы», дейді. Ал, жергілікті билік халықты барынша сақтануға шақырып отыр.