429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда баспанасыз жүргендер үшін ерекше көлік қызмет көрсетеді

  • 123
  • UPD: 07:41, 18.04.2021
Австралияда баспанасыз жүргендер үшін ерекше көлік қызмет көрсетеді

Австралияда баспанасыз жүргендер үшін ерекше көлік қызмет көрсетуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді далада қаңғып аш-жалаңаш жүргендер Sleepbus автобусында түней алады. Көлікте 7 контейнер бар. Әр контейнерде кереует, теледидар, салқындатқыш пен жылытатын жүйе орнатылған. Тіпті түнімен қарауылдайтын волонтер күзетші де бар. Бұл іске қазірдің өзінде шамамен 100 ерікті тартылған. Автобуста адамдардан бөлек жануарларға да орын табылады. Үй жануарларына арналған арнайы капсулалар қарастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаны жергілікті билік пен кәсіпкерлер толығымен қолдап отыр.

Вив Кокс, жоба ұйымдастырушысы:

- Бұл автобустарды жүзеге асыруда көптеген қауымдастықтар жәрдемдесті. Кейін жергілікті билік пен кәсіпкерлер қызығушылық танытып, өз қолдауын көрсетті. Штат билігі де бұл ісімізді толық құптап отыр.

Хабар 24 телеарнасы