Торонтода халық шектеу шараларына қарсы ереуілге шықты

Канаданың Торонто қаласында жергілікті жұрт карантиннің қатаң шектеу шараларына наразылығын білдіріп ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық оқшауланудан әбден қажығанын айтып, жергілікті билікке шектеулерді жеңілдету керек деген талап қойды. Қазір аймақтағы қатаң карантин әлі де өз күшінде. Халықтың себепсіз сыртқа шығуына болмайды. Кей өңірлерде мектеп, мейрамхана мен сауда орындары жабық. Ережеге бағынбағандарға айыппұл төлетіп жатыр. Бұған қарамастан елдегі эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Онтарио қаласының өзінде сенбі күні 4362 адам індет ілмегіне іліккен. Сарапшылар жаз айларында тәуліктік көрсеткіш 10 мыңға дейін жетуі мүмкін деп дабыл қағады. Сондықтан халықты сабыр сақтап, санитарлық талаптарға бей-жай қарамауға шақырады.