Венесуэла халқы екпе егу науқанын жылдамдатуды талап етеді

Венесуэлада оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдо бастаған ереуіл Каракас қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенділердің елдегі екпе егу науқанына көңілі толмайды. Айта кетейік, Венесуэла «Спутник V» препаратының 300 мың дозасын және қытайлық Sinopharm компаниясының 500 мың доза вакцинасын сатып алған болатын. Дәрі бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, медицина мамандары, мұғалімдер мен егде жастағы тұрғындарға ғана егілді. Енді екпе егу шарасы тұралап қалды. Ал, жуырда ел президенті Николас Мадуро COVAX ұсынған AstraZeneca препаратын сатып алудан да бас тартты. Оған бұл дәрі төңірегіндегі дау себеп.

Сондай-ақ...