Огайо штатында атыстан бір адам қаза тапты

АҚШ-тың Огайо штатында болған атыстан бір адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті.

Бұл туралы Fox News телеарнасына сілтеме жасап, RT хабарлайды.

Оқиға Колумбус қаласында бір жыл бұрын атыстан қаза тапқан 28 жастағы ер адамды еске алу шарасы кезінде болған.

Телеарнаның айтуынша, еске алу шарасы кезінде жақын жерден өтіп бара жатқан автомобильден белгісіз біреулер атыс ашқан.

Атыстан қаза болған әйел адам ол шараға қатыспаған. Ол азық-түлік алу үшін сол жердегі дүкенге келген және өзінің көлігінің ішінде болған екен.