Үндістанда бір тәулікте 260 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Үндістанда бір тәулікте 261 500 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Елде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 14 788 109-ға жетті.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап, RT хабарлайды.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1501 адам көз жұмды. Үндістанда COVID-19 расталған 177 150 адам мерт болды.