429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Adobe негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

  • 113
  • UPD: 14:26, 18.04.2021
Adobe негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды фото: © Adobe

PDF форматын әзірлеуге қатысқан Adobe негізін қалаушылардың бірі Чарльз Гешке 82 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы Tengrinews.kz сайты Apnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Калифорнияда тұратын Чарльз Гешке жұмада қайтыс болды. Бұл туралы компания өкілдері хабарлады. Өлім себебі айтылмады.

«Бұл бүкіл Adobe қоғамдастығы мен технология саласы үшін орны толмас қаза. Ол ондаған жылдар бойы бағыттаушы әрі батырымыз болды. Adobe негізін қалаушылар ретінде Чак (Чарльз Гешке) және Джон Уорнок адамдар арасындағы шығармашылық пен қарым-қатынаста төңкеріс жасаған инновациялық бағдарламалық жасақтаманы жасады», - деді компания басшысы Шантану Нарайен қызметкерлеріне жазған хатында.

Гешкенің карьерасы Калифорниядағы Пало-Альто қаласындағы Xerox ғылыми-зерттеу орталығында басталды. Ол 1982 жылы Xerox-тан Уорнокпен бірге Adobe компаниясын құру үшін шығып кетті.

Adobe компаниясы компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді шығарады. Ол 1982 жылы құрылған, штаб-пәтері Сан-Хосе қаласында (Калифорния) орналасқан. Adobe Flash веб-бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйесімен, Photoshop, Adobe Reader, Portable Document Format (PDF) кескінді өңдеу бағдарламаларымен танымал.

2009 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Гешке мен Уорнокты технология мен инновация саласындағы ұлттық медалімен марапаттаған.

 

Хабар 24 телеарнасы