Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу үшін жаңа кешен салынуда

Бразилия COVID-19 өлім-жітім жайттары бойынша әлемде екінші орында.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Рио-де-Жанейрода зираттарда орындардың болмауына байланысты қайтыс болғандарды жерлеу үшін жаңа кешен салынуда. Елде коронавирустық инфекциясының таралуы шеңберінде Бразилияның санитариялық қызмет өкілдері әйелдерге мүмкіндігінше жүктілікті кейінге қалдыруға кеңес беруде.

Израильде көшеде міндетті маска тағып жүру ережесі өз күшін жойды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі төмен екенін атап өтті. Ғимараттарда жеке қорғаныс құралын тағу әлі де міндетті болып табылады.

Франция билігі Аргентина, Бразилия, Чили және Оңтүстік Африкадан келгендерге міндетті карантин енгізбек. Шектеу шаралары осы жылдың 24 сәуірінен бастап күшіне енеді.