427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгте коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа штамы анықталды

  • 133
  • UPD: 18:25, 18.04.2021
Гонконгте коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа штамы анықталды Интерфакс

Мамандар вирустың бұл түрі өзгелерге қарағанда қауіпті екенін айтады.

Дәрігерлер дертті жұқтырған 29 жастағы науқас пен онымен қарым-қатынаста болған 80 адамды 3 аптаға карантинге жапты. Оқшауланғандардың барлығы – бір көпқабатты үйдің тұрғындары. Белгілі болғандай, жаңа штамды жұқтырған науқас наурыздың 19-ы Дубай қаласынан келген екен. Аймақтағы денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір вирустың кімнен және қашан жұққаны зерттеліп жатыр. Жергілікті билік мутацияға ушыраған вирусты тежеу үшін халықтың қозғалысын шектеп, бірнеше рейстерді кейінге шегерді.

Хабар 24 телеарнасы