Чехия 18 ресейлік дипломатты еліне қайтармақ

Чехия билігі 2014 жылы қару-жарақ қоймасында болған жарылысқа Ресейдің қатысы бар деген күдікпен 18 ресейлік дипломатты ел аумағынан шығармақ.

Бұл туралы Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш хабарлады. Оның айтуынша, бұл оқиғадан оразан зор шығын келген. Сонымен қатар жойқын жарылыс кезінде екі Чехия азаматы опат болды. Еліне қайтарылып жатқан дипломаттар Чехия аумағынан алдағы 48 сағаттың ішінде шығуы керек.

Естеріңізге салайық, таяуда Польша сыртқы істер министрлігі де 3 ресейлік дипломатты еліне қайтарған. Оларға дипломатиялық қатынасты бұзды деп айыпталды.