Таиландта қатаң шектеу шаралары жарияланды

Таиландтағы эпидахуалдың ушығуына байланысты аймақта екі аптаға шектеу шаралары қатаңдатылды.

Бүгіннен бастап елдегі барлық мейрамхана, бар мен азық-түлік емес сауда орындары жабылады. Қазір Бангкок пен тағы 18 өңір «қызыл аймаққа» жатқызылды. Қалған 59 провинция «қызғылт аймақ» деп танылды.

Айта кетейік, елде соңғы рет қатаң карантин бір жыл бұрын енгізілген еді. Нәтижесінде вирустың таралуы айтарлықтай азайды. Жалпы пандемия басталғалы Таиланда 42 мың адам вирус жұқтырған.