427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда ораза ұстағандар түнгі он екіге дейін екпе салдыра алады

  • 128
  • UPD: 19:56, 18.04.2021
Түркияда ораза ұстағандар түнгі он екіге дейін екпе салдыра алады

Түркияда да эпидемологиялық жағдай мәз емес.

Елде қатаң карантин. Демалыс күндерінде коменданттық сағат енгізілген. Бұл мезгілде тек тұрмысқа қажетті орындар ғана ашық. Айта кетерлігі, коронавирусқа қарсы екпе егу үдерісі қарқынды. Қазірге дейін мұнда 12 миллионнан астам адам екпенің 1 дозасын, 7,7 миллионы 2 дозасын салдырды. Жергілікті билік Рамазан айында вакциналау үдерісінің тоқтамауы үшін медициналық мекемелердің жұмыс уақытына өзгеріс енгізді. Енді ораза ұстаған азаматтар түнгі 12-ге дейін атаулы орталықтарға барып, екпе салдыра алады. Бұдан бөлек, ай соңына дейін 1 миллионға жуық туризм саласы қызметкеріне вакцина салдыру жоспарланған. Жалпы елде соңғы тәулікте 62 мыңнан астам адам жұқтырып, 288 науқас көз жұмған.

Айта кетейік, осы Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстеріне қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Шешім Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін белгілі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы