ОАР-да университеттің бірнеше ғимараты өртенді

Оңтүстік Африка Республикасы астанасы маңындағы тауда өрт шығып, осы жердегі Кейптаун университетінің бірнеше ғимараты жанып кетті.

Оқу орнынан студенттер мен оқытушылар эвакуацияланды. Отты сөндіру кезінде бір маман жарақат алды. Өзге жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Табиғат апатымен күреске тікұшақтар жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілді.