Техаста педофил экс-полицей үш адамды атып өлтірді

АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында бұрынғы полицей 3 адамды атып өлтірді. Күдікті ізін жасырып үлгерген.

Қайғылы оқиға болған аумақ қоршауға алынып, тұрғындарға абай болу ескертілді. Көп ұзамай күдіктінің ішкі істер органында детектив болып жұмыс істегені анықталды. Сондай-ақ оның бұған дейін кішкентай балаға жыныстық зорлық көрсеткені үшін сотталғаны да белгілі болды.

Джозеф Чакон, остин полиция басшысы:

- Күдікті құрбандарды жақсы таныған. Сондықтан оқтың себепсіз атылмағаны белгілі. Барлық жайт тергеу амалдары толық жүргізілгеннен кейін анықталады. Әзірге қолда бар ақпарат осы.