АҚШ-та Tesla электромобилі апатқа ұшырады

АҚШ-тың Техас штатында Tesla электромобилі ағашқа соғылып, апаттан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Wall Street Journal.

Оқиға Хьюстон қаласының солтүстігінде болды.

Жол апаты болатын кезде автокөлік автопилот режимінде тұрған, яғни көлік тізгінінде ешкім болмаған.

Зардап шеккендердің біреуі алдыңғы жолаушы орындығында, екіншісі артқы орында отырған. Электромобиль жоғары жылдамдықпен келе жатып, ағашқа соғылды.