Германия коронавирус құрбандарын еске алды

Індеттен елде 80 мыңға жуық адам қайтыс болған. Шараға саясаткерлер мен марқұмдардың туған-туыстары қатысты.

Еске алу елдің бүкіл аумағында өтті. Қазір Германия коронавирус пандемиясының үшінші толқынын бастан кешуде. Соңғы уақытта елде науқастар саны қайта артқан. Өткен аптада бір тәулікте коронавирус 30 мыңға жуық адамнан анықталды. Кей аймақтарда карантин мен коменданттық сағат енгізілді. Билік вирустың таралуын тоқтату үшін шектеулерді қатаңдатуды жоспарлап отыр. Індет өрши бастаған өңірлерде азық-түлік емес дүкендер мен шаштараздарды жабу ұсынылып жатыр. 

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия президенті:

- Біз осы шара арқылы Еуропамен бірге әлемдегі коронавирус құрбандарын еске алып жатырмыз. Індет бүкіл адамзат баласына қайғы қасірет әкелді. Онымен бірігіп күресудің қажеттігін түсіндік. Сондықтан бұл виурс қаншама адамның өмірін қиғанын естен шығармай, оны жеңу үшін күш біріктіруіміз керек.