Чикагода атыстан жеті жасар қыз мерт болды

Чикагода МакДональдста болған атыстан жеті жасар қыз қаза тауып, оның әкесі ауыр жарақат алды.

Бұл туралы ABC News хабарлады.

28 жастағы жігіт пен оның қызы МакДональдс тұрағында көлікте отырған кезде белгісіз біреулер оларға оқ жаудырған.

Дәмхана қызметкерінің айтуынша, сұр көліктен екі адам түсіп, әкесі мен қызы отырған көлікке оқ атты. Қызға бірнеше жерден оқ тиіп, сол мезетте көз жұмды. Әкесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасағандар қолға түспеген.

Сондай-ақ...