Ресейде отбасы жыртқыш жануарды асырап алды

Ресейдің Пенза қаласында тұратын ерлі-зайыпты жыртқыш пуманы асырап алды. Олар бұл аңды аргентиналық атақты футболшының құрметіне Месси деп атаған.

Александр мен Мария пуманы күшік кезінен ұнатып, хайуанаттар бағынан арнайы сатып алған. Содан бері 5 жыл уақыт өтсе де олар мысық тұқымдас жыртқыштың ерсі қылығын мүлде көрмегенін айтады. Пума үшін ерлі-зайыптылар үйінің ішіне өзгеріс жасап, бейімдеген. Тіпті жыртқышқа арнап инстаграмнан аккаунт ашып қойған. Қазір оған 1 жарым миллион адам жазылыпты.

Сондай-ақ...