Тегеран мен Эр-Рияд құпия келіссөз жүргізді

Иран мен Сауд Арабиясы 5 жыл бұрын үзілген дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін құпия келіссөз өткізді.

Бұл туралы неміс ақпарат құралдары хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Тегеран мен Эр-Рияд өкілдерінің кездесуі сәуірдің 9-ы күні Ирак астанасында болған. Басқосуда Йемендегі хусит бүлікшілерінің Сауд Арабиясына шабуылы талқыланған. Бірақ тараптар келіссөзге байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты 2016 жылы үзген. Оған Ирандағы осы елдің дипломатиялық өкілдіктеріне шабуыл түрткі болған еді.