Жапония ТЖ режимін қайтадан енгізуі мүмкін

Токио билігі коронавирус індетінің өршуіне байланысты қалада төтенше жағдай режимін қайта енгізуді қарастырып жатыр.

Бұл туралы шаһар губернаторы  мәлімдеді.

Себебі бірер күн бұрын шаһарда 543 адам вирус жұқтырған. Жергілікті билік жағдайдың одан әрі ушықпауы үшін шұғыл шешім қабылдау керектігін айтады. Еске сала кетейік, Токиода мұндай төтенше жағдай режимі соңғы рет өткен қаңтар айында енгізіліп, наурыздың 22-сіне дейін ұзартылған еді. Бірақ шектеу шаралары алына салысымен науқастар саны күрт өскен.