Париж маңында ұшақ құлады: құрбан болғандар бар

Париж маңында жеңілмоторлы туристік ұшақ апатқа ұшырады.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады BFMTV. Robin DR400 типтегі ұшақ Иль-де-Франс аймағындағы алқаптан табылған.

Ұшақ апаты Париждің солтүстігіндегі Руасси әуежайының ұшу-қону жолағынан 20 шақырым жерде болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ оқу-жаттығу рейсін орындаған.

Сот тергеуі басталды.