Австралия мен Жаңа Зеландия арасында карантинсіз рейстер ашылды

Австралия мен Жаңа Зеландия әуе байланысын қалпына келтірді. Енді қос елдің азаматтары бір-біріне саяхаттап барған соң екі аптаға оқшауланбайды.

Австралия Премьер-министрі Скотт Моррисонның мәлімдеуінше, шара екі ел арасындағы саяхатты жандандырып, экономиканың қалпына келуіне көмектеседі. Еске сала кетейік, Австралия мен Жаңа Зеландия індетке байланысты өткен жылдың наурыз айында шекарасын жапқан болатын. Ел аумағына тек өз азаматтарының оралуына ғана рұқсат етілген. 

Джон Палалаги, саяхаттаушы:

- Біз Жаңа Зеландияға өткен аптада сапарға шықпақ болған едік. Бірақ ол кезде ел аумағына кірген соң міндетті түрде оқшаулану керек еді. Енді бұл тыйым алынып, қуанып жатырмыз.