Кариб теңізіндегі аралда жанартау қайтадан атқылады

Кариб теңізіндегі Сент-Винсент аралында Суфриер жанартауы қайта атқылап, аймақтың оңтүстігі мен батысын тағы күл жапты.

Табиғат апатынан жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. БҰҰ отты таудың атқылауы елдегі гуманитарлық дағдарыс туғызуы мүмкін деп алаңдаулы. 

Еске сала кетейік, Сент-Винсент аралындағы жанартау осыдан 2 апта бұрын атқылап, 16 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Апаттан ауыз су және электр энергиясымен қамтамасыз етуде қиындық туындаған. Аймақтағы елдер аралды елге гуманитарлық көмекті күшейтті. Ал мамандар жанартаудың атқылауы жалғасатынын айтады.

Сондай-ақ...