Екі миллиардердің байлығы бір аптада 13 млрд долларға артты

Tesla және Spase X компаниясының негізін қалаушы Илон Маск және Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының басшысы Бернар Арно бір апта ішінде 13 миллиард долларға байыды, деп жазды Forbes.

Арноның дәулеті бір аптада 13 миллиард долларға өсті, ал Масктың байлығы 12,8 миллиард долларға артты. Арно қазіргі уақытта 181,6 млрд доллардың иесі, Масктың байлығы 179,7 млрд долларды құрайды.

Әлемдегі ең бай адам әлі де – Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос. Оның байлығы бір апта ішінде 1,4 млрд-қа көбейіп, қазір 197,8 млрд долларды құрайды.