Еуроодақ Ресей мен Украина шекарасындағы ахуалға алаңдаулы

Еуроодақ Ресей мен Украина шекарасындағы шиеленісті бәсеңдетуге шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәлімдеме одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің бейнеконференциясында жасалды. Әуелде онлайн кездесуде Украина мен Грузия проблемалары, сондай-ақ Иранның ядролық келісімі төңірегіндегі ахуалды талқылау жоспарлаған еді. Алайда қатысушылар қосымша Ресей мен Украина шекарасындағы жағдайға қатысты мәселе көтерді. Жалпы бейнеконференция қорытындысы бойынша Еуродақ Мьянмаға қарсы санкцияларды күшейтті. Бұл мемлекетте ақпанда әскерилер билікті басып алған еді. 

Жозеп Боррель, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Украинамен арадағы шекарада Ресейдің 150 мыңнан аса әскери қызметкері орналастырылған. Бұл шиеленістің өршіп кету қаупі бар екенін білдіреді. Қазір екі ел шекарасына дала госпитальдері құрылып жатыр. Бұл ақпаратты қайдан алғанымды айта алмаймын. Бірақ бұл алаңдататын мәселе.

Сондай-ақ...