429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус індетін жақын арада бақылауға аламыз – ДДСҰ

  • 83
  • UPD: 10:15, 20.04.2021
Коронавирус індетін жақын арада бақылауға аламыз – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Гебрейесус арнайы брифингте осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, вирусты түбегейлі жеңу үшін халықаралық қауымдастықтың қолында барлық тетік бар. Тек осы әдіс-тәсілдерді ретімен әрі тиімді түрде қолдану керек. Сондай-ақ Гебрейесус әлем бойынша 25 пен 59 жас аралығындағы азаматтар арасында індеттің тез таралып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ бас хатшысы:

– Коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 ай бойы еш кеміген жоқ. Құрбандар қатары 9 айда 1 миллионға, 4 айда 2 миллионға, ал бар болғаны 3 айда 3 миллионға жетті. Соңғы кездері коронавирустың түпнұсқасы емес, оның штамдары тез таралып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы