Сирияда Ресей әскері 200-дей содырдың көзін жойды

Сирияда Ресей әскерінің әуе күштері 200-ге жуық содырдың көзін жойды.

Олар араб елінде 26 мамырда өтетін президенттік сайлау қарсаңында ірі қалалардағы мемлекеттік мекемелерге лаңкестік шабуылдар ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы Сирия билігі мәлімдеді. Операция нәтижесінде экстремистердің 2 бекінісі, пулемет орнатылған 24 пикап талқандалып, жарылғыш заттар жасауға арналған 500 келідей оқ-дәрі жойылған. Содырлар Пальмира қаласының солтүстік-шығысындағы жасырын базада дайындық жасап жатқан.