Аргентинада мектептер қайта ашылды

Аргентина астанасында коронавирусты жұқтырғандар көбейіп, шектеулер қатаңдатылғанына қарамастан мектептер қайта ашылды.

Жергілікті сот үкіметтің наразылығын ескерместен осындай шешім қабылдады. Себебі кей ата-аналар мен мұғалімдер сотқа сабақты онлайн емес мектепте өткізуді сұрап шағым түсірген. Президент Альберто Фернандос оқушылардың сыныптарға оралуы індеттің одан әрі өршуіне әкеледі деп, шешімді айыптады. Орталық үкімет бұған оппозициялық Буэнос-Айрес әкімшілігінің ықпалы әсер етуі мүмкін деп отыр. Аргентинада індет басталғалы вирусты жұқтырғандар саны 2 миллион 700 мыңға жуықтаған.

Альберто Фернандес, Аргентина президенті:

– Коронавирус адам таңдап жатқан жоқ, бұл дертке қара жұмысшыдан бастап президенттерге дейін шалдығып жатыр. Біз бұл кеселдің қауіпті екенін түсінуіміз керек. Сондықтан мектептерді ашу туралы шешім дұрыс емес. Оны кім қабылдаса, жауапкершілік солардың мойнында болсын.