Еуропалық сот Навальный ісін кезектен тыс қарайды

Алексей Навальныйдың ісін Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты кезектен тыс қарайды.

Осыған орай халықаралық орган Ресей үкіметіне оппозиционердің түрмеде құқықтарының сақталуы және оған көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасына қатысты сұрақтар легін жолдапты. Бұл туралы Еуропалық соттың сайтында хабарланды. Сәл бұрын Алексей Навальный өзі сенетін дәрігерге рұқсат берілмегеніне байланысты 31 наурызда аштық жариялаған болатын. Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты жолданған сауалға Ресей билігі 12 шілдеге дейін жауап беруін талап етеді. Сондай-ақ бір топ дәрігер Навальныйдың халін білу үшін арнайы барған екен, алайда түрме әкімшілігі олардың кіруіне рұқсат етпеген. Мамандар оппозиционердің жағдайы ауыр деп топшылайды.  

Ярослав Ашихмин, кардиолог:

– Мен науқастың жағдайын ойлап тұрмын. Навальныйдың медициналық анализдерінің нәтижесін көріп, соған қатты алаңдаулымын. Калий деңгейі өте жоғары, креатинин деңгейі артып барады. Бұл бүйрек жетімсіздігінің белгісі болуы мүмкін.

Сонымен бірге Кремль Навальныйды қолдап, рұқсат етілмеген наразылық шараларын өткізу заңсыз екенін ескертті. Ресей билігі тұрғындардан мұндай шерулерге қатыспауды сұрап, құлақ аспаған жағдайда полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет ететінін жеткізген.

Сондай-ақ...