Владимир Путин Джо Байденнің шақыруын қабылдады

Владимир Путин АҚШ басшысы Джо Байденнің шақыруын қабылдады.

Осылайша Ресей президенті бейнеконференция түрінде 22 сәуірде өтетін климат мәселелеріне арналған саммит жұмысына қатысады. Бұл туралы «Дойче Веле» телерадиостанциясы хабарлады. Аталған жиында ғаламдық жылынудың кері әсерін болдырмауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық барысы талқыланбақ.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Байден Путинге қоңырау шалып, жақын айларда бейтарап елде кездесуді ұсынған еді. Сондай-ақ АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливан Мәскеуден кетуден бас тартты. Оған Ресейдің Сыртқы істер министрлігі елден кетуге кеңес берген болатын.

Сондай-ақ...